Үкімет • Бүгін, 10:50

Қызылорда облысының ауылдарын сумен қамтуға 2,2 млрд теңге бөлінді

50 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша аталған іске қайтарылған активтер қаражаты есебінен 2,2 млрд теңге бөлінді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қызылорда облысының ауылдарын сумен қамтуға 2,2 млрд теңге бөлінді

Фото: primeminister.kz

Өңір тұрғындарын сумен қамтамасыз ету – Мемлекет басшысының Үкімет алдына қойған басым міндеттерінің бірі. Үкіметтің мәліметінше, Президент тапсырмасы бойынша облыс аумағындағы 6 сумен жабдықтау нысанын салу жобаларын жүзеге асыруға Арнаулы мемлекеттік қордан 2 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді. 

Жобалар жалпы Арал және Қазалы аудандарындағы 2 мыңға жуық тұрғыны бар ауылдарды қамтып, Тастүбек, Ерімбетжаға, Шәкен, Шилі, Шитүбек, Сарбұлақ ауылдарын сапалы сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Жұмысқа топтық сумен жабдықтау жүйелеріне қосу да, ауылішілік желілерді салу да кіреді. 

Нысандардың құрылысын аяқтап, пайдалануға беру осы жылдың соңына жоспарланған.