Қоғам • Бүгін, 12:45

Су заңнамасын бұзғандарға 58,3 млн теңге айыппұл салынған

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Су ведомствосының бассейн инспекциялары осы жылғы вегетация кезеңінде су заңнамасын бұзғандарға 310 айыппұл салған, жалпы сомасы 58,3 млн теңге болған, деп жазады Egemen.kz.

Су заңнамасын бұзғандарға 58,3 млн теңге айыппұл салынған

Фото: Су ресурстары және ирригация министрлігі

Былтыр суару маусымында су заңнамасын бұзғандарға 15,8 млн теңге көлемінде 188 айыппұл салынған екен.

Еске салайық, сала министрлігі вегетация кезеңінде еліміздің оңтүстігінде төрт жұмыс тобын құрған. Олар өңірлерде судың әділ бөлінуін қамтамасыз етіп, су шаруашылығы жағдайына тұрақты мониторинг жүргізді.

Су ресурстары және ирригация бірінші вице-министрі Нұрлан Алдамжаровтың айтуынша, Бас прокуратураның, құқық қорғау және өзге де мемлекеттік органдардың қатысуымен министрлік республика деңгейінде судың «қара нарығына» қарсы күрес жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобын құру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

«Қазір Бас прокуратурамен бірлесіп, заңсыз су алу фактілеріне қарсы күресті жалғастыру алгоритмі әзірленіп жатыр», деді Н.Алдамжаров.