Бизнес • Бүгін, 12:35

Бизнес идея ұсынғандарға 5 миллион теңге беріледі

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астана қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілеріне мемлекеттік гранттар беру жөнінде ашық байқау жариялады, деп жазады Egemen.kz.

Бизнес идея ұсынғандарға 5 миллион теңге беріледі

Фото: egemen.kz/ Ерлан Омар

Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға 5 миллион теңге беріледі.

Бұл байқауға тізілімге енгізілген әлеуметтік кәсіпкерлер, сондай-ақ «Бір ауыл – бір өнім» бағдарламасының финалистері қатыса алады. Өтінімдер тек онлайн форматта, kezekte.kz платформасы арқылы қабылданады. Үміткерлер  2025 жылдың 15 қазанынан 20 қазанына дейін өтінім беруі тиіс.

Грант алу үшін кәсіпкерлер келесі талаптарға сай болуы керек:
• жобаны кемінде 20% көлемінде өз қаржысымен бірлесіп қаржыландыру;
• жаңа жұмыс орындарын құру;
• жобаны жүзеге асыруға арналған инфрақұрылым мен инвестициялық жоспар болуы керек.

Жеңімпаздар қаржыны негізгі құралдар мен шикізатты сатып алуға,  материалдық емес активтер мен технологияларды, франчайзинг (кешенді кәсіпкерлік лицензия) сатып алуға жұмсай алады. Ғылыми-зерттеу және жаңа технологияларды енгізу шығындарын да өтеуге рұқсат беріледі.

Бизнес-жобаны іске асыру мерзімі грант шартына қол қойылған күннен бастап 18 айдан аспауы тиіс.

Егер көрсетілген мерзім ішінде кәсіпкерлік қызмет жүзеге аспаса немесе негізгі құрал сатылып, баламалы мүлікпен ауыстырылмаса, кәсіпкер алынған қаражатты толық көлемде қайтаруға міндетті.

Ұйымдастырушы: Астана қаласының инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы.

Электрондық пошта: b.kasymov@astana.kz
Телефондар: 55-69-03, 55-69-19, 55-69-21, 55-69-10.

Қала әкімдігі грант қаражатын басқа мақсаттарға пайдалануға қатаң тыйым салынатынын ескертіп отыр.