Жұмысшы мамандықтар жылы • 14 Қазан, 2025

Алматыда 6 мың жұмыс орны құрылды

330 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

«Almaty Business–2025» бағдарламасының орындалу нәтижелері туралы Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында «Almaty Finance» ЖШС басқарма төрағасы Берік Құсайынов мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.

Алматыда 6 мың жұмыс орны құрылды

«2025 жылы тоғыз айда «Almaty Finance» және «Almaty» микроқаржы ұйымы жалпы сомасы 9,8 млрд теңгеге 70 жобаны қаржыландырды. Бұл 793 жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік берді. Қолдау өндіріс пен қайта өңдеу, денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік кәсіпкерлік, креативті экономика, туризм, спорт және қызмет көрсету салаларындағы кәсіпкерлерге көрсетілді», – деді Берік Құсайынов.

Бағдарлама іске қосылған сәттен бастап «Алматы» ӘКК-ның еншілес және тәуелді компаниялары 52,7 млрд теңге сомасына 774 жобаны қаржыландырып, 6 168 жұмыс орнын құрған. Әсіресе, өндіріс және қайта өңдеу (32%), денсаулық сақтау (14%), әлеуметтік кәсіпкерлік (9%), туризм (7%), креативті индустрия (7%), қызмет көрсету саласы (6%) және білім беру (5%) салаларындағы жобаларға қомақты қаржы бөлінген. Бағдарлама аясында 18 шағын өнеркәсіптік парк құрылысы қаржыландырылыпты.

Құсайыновтың айтуынша, Бостандық және Алатау аудандары қаржыландырылған жобалар саны бойынша көш бастап тұр.

Айта кетейік, Almaty Business-2025 бағдарламасын 2019 жылы Алматы қаласының мәслихаты бекіткен еді. Бағдарлама кәсіпкерлікті дамытуға және бизнесті қаржыландырудың қолжетімділігін арттыруға бағытталған. Оны іске асыру үшін «Almaty Finance» ЖШС және «Almaty» МҚҰ еншілес компаниясы құрылды, олар «Алматы» ӘКК компаниялар тобына кірді.

Бағдарлама бойынша шағын және орта бизнеске жеңілдетілген несие беру қарастырылған. Несие 7 жылға дейінгі мерзімге жылдық 2% және 6% мөлшерлемемен беріледі. 2% мөлшерлеме көпбалалы аз қамтылған отбасыларға, I және II топтағы мүгедектерге, ерекше қажеттілігі бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға, сондай-ақ, шағын өнеркәсіп парктерінің резиденттеріне ұсынылады.

6% мөлшерлеме Алматыдағы шағын және орта бизнестің жұмыс істеп тұрған және немесе ісін енді бастаған субъектілерге беріледі.

Соңғы жаңалықтар

Өнердің емдік қуаты

Өнер • 29 Қараша, 2025

Ақын мен Алматы

Тұлға • 29 Қараша, 2025

Қауіпсіздік шифраторы

Ғалам ғажаптары • 29 Қараша, 2025

Ананы ардақтау – борышымыз

Жәдігер • 29 Қараша, 2025

Жылу желілері жаңартылады

Аймақтар • 29 Қараша, 2025