
Фото: egemen.kz/ Ерлан Омар
Жоба бойынша Алакөл ауданының Қоңыр ауылында ұзындығы 17 шақырым су желісін тарту және Қаратал ауданының Ұмтыл ауылында 4,8 шақырым су желісін жүргізу жоспарланған. Нәтижесінде, мыңнан астам ауыл тұрғыны ауыз сумен қамтылады.
Биыл Жетісу облысында сумен жабдықтау жүйесін жаңғырту және салу бойынша 18 жоба жүзеге асырылып жатыр. 2025 жылдың соңына қарай өңірдегі орталықтандырылған ауыз сумен қамтылған ауылдардың үлесін 99,9%-ға дейін жеткізу көзделген. Бұл өңірдегі 329 ауыл мен шамамен 697 мың облыс тұрғынын қамтиды.