Тұлға • Бүгін, 09:42

Бүгін - Сәкен Сейфулиннің туған күні

80 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Тұп-тура 131 жыл бұрын ақын, жазушы, мемлекет қайраткері Сәкен Сейфуллин дүниеге келген еді, деп жазады Egemen.kz,

Бүгін  - Сәкен Сейфулиннің туған күні

Сәкен Сейфуллин – қазақ әдебиетінің жаңа дәуірін бастаған ұлы қаламгер әрі ұлттық мемлекеттіліктің қалыптасуына зор еңбек сіңірген тұлға. Азамат соғысы жылдарында ел бірлігі үшін күресіп, кейін ел басқару ісіне белсене араласқан ол 1922 жылы Қазақстан Халық Комиссарлары Кеңесінің төрағасы қызметіне тағайындалды.

Ұлт зиялысының ел алдындағы ең үлкен еңбектерінің бірі – халқымыздың тарихи атауын қайтаруы еді. Сол уақыттарда қазақ халқы ресми құжаттарда «қырғыз» деп аталып келген. Сәкен Сейфуллин бұл бұрмалаушылыққа қарсы шығып, «қазақ» атауын қалпына келтіру туралы мәселені үкімет деңгейінде көтерді. 

Сонымен қатар Сәкен ресми іс қағаздары қазақ тілінде жүргізілуі қажет екенін алғашқылардың бірі болып талап етті. Бұл ұлт тілінің мемлекеттік деңгейде қолданылуына, қазақ тілінің мәртебесін арттыруға жол ашты.

Сәкен Сейфуллиннің әдеби мұрасы да ұлт руханиятының алтын қорына енді. «Тар жол, тайғақ кешу» романында күрес пен ел тағдырын шынайы бейнелесе, «Көкшетау», «Экспресс», «Альбатрос» поэмаларында жаңа дәуірдің тынысын жырлады.

Өмірін ұлтына арнаған Сәкен Сейфуллин 1938 жылы жазықсыз қуғын-сүргін құрбаны болды. 

Соңғы жаңалықтар

Алматыда 6 мың жұмыс орны құрылды

Жұмысшы мамандықтар жылы • Кеше

Республика күні Әл-Фараби көзімен

Республика күні • Кеше