Хоккей • Бүгін, 10:40

Бүгін «Барыс» пен ресейлік «Авангард» командасы кездеседі

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Астанада Құрлықтық хоккей лигасының кезекті туры аясында «Барыс» пен «Авангард» командаларының тартысты ойыны өтеді. Ойын елорда уақытымен сағат 19:30-да басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бүгін «Барыс» пен ресейлік «Авангард» командасы кездеседі

Фото: sports.kz

Соңғы бес кездесудің төртеуінде елордалық клуб омбылық қарсыласынан жеңілген еді.

Турнирлік кестеде қазіргі таңда «Барыс» 14 ұпаймен 16-орында, ал «Авангард» 22 ұпаймен екінші сатыда келеді. 

«Барыс» осы кездесуден кейін де өз айдынында өнер көрсетуді жалғастырады. 18 қазанда команда Қазанның «Ак Барс» клубын қабылдаса, 24 қазанда «Амур» (Хабаровск) командасына қарсы ойнайды.