Аймақтар • Бүгін, 14:59

Шығыста жылу жүйесіне күн энергиясы технологиялары енгізіліп жатыр

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ұлан ауданының Таврия ауылында инновациялық күн энергиясымен жылыту жүйесі іске қосылды. Бұл тың жоба жергілікті хосписте жүзеге асырылып, өңірде энергия үнемдейтін әрі экологиялық тұрғыдан таза технологияларды дамытуға бағытталған бағдарлама аясында қолға алынған, деп хабарлайды Egemen.kz

Шығыста жылу жүйесіне күн энергиясы технологиялары енгізіліп жатыр

Күн энергиясымен жылыту жүйесі – күн панельдері мен бу-тамшылы батареяларды біріктіретін заманауи әрі тиімді құрылғы. Ол тұрғын үйлер мен әлеуметтік, өндірістік нысандарды –10-нан +95 °C-қа дейінгі температурада жылытып, жайлы микроклимат қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Мұндай қондырғылар бүгінде Атырау және Алматы облыстарында табысты қолданысқа енгізіліп, өз тиімділігін дәлелдеп отыр.

Жүйенің басты ерекшелігі – үнемділігі, энергия көздерінен тәуелсіздігі және қоршаған ортаға зиян келтірмейтін экологиялық тазалығы. Күн энергиясын пайдалану жылу шығындарын 70% дейін қысқартуға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, жүйе күрделі күтімді қажет етпейді, 30 жылдан астам қызмет ете алады. Көмір мен газ жағуды қажет етпегендіктен, табиғатқа түсетін жүктемені айтарлықтай азайтады.

Осындай озық технологияларды енгізу – өңірдің экологиялық тұрақтылығын сақтап, энергия ресурстарын үнемдеуге бағытталған маңызды әрі болашаққа бағдарланған қадам.