
Аталған іс-шараны неміс жазушысы Артур Вайнганд жүргізді.
Шараға АҚШ, Қазақстан, Германия, Украина және Түркия елдерінен келген оқырмандар, әдебиетсүйер қауым мен мәдениет өкілдері қатысты. Іс-шара барысында автор жаңа еңбегінің жазылу тарихымен, шығармашылық ізденістерімен және шетелдегі қазақтардың өмірі мен тағдырына қатысты ой-пікірлерімен бөлісті.
Таныстырылым соңында қатысушылар кітап авторына сұрақтар қойып, туындының мазмұнына жоғары баға берді.
Франкфурт кітап көрмесіндегі бұл таныстырылым қазақ қаламгерлерінің халықаралық деңгейде танылуына және ұлттық әдебиеттің насихатталуына жаңа серпін берді.