Қоғам • Бүгін, 11:42

Қазан айында Қазақстан халқы қанша күн демалады?

30 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

2022 жылдан бастап Қазақстанда 25 қазанда аталып өтетін Республика күні қайтадан мемлекеттік мереке және демалыс күні болып белгіленді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазан айында Қазақстан халқы қанша күн демалады?

2025 жылы 25 қазан сенбі күніне түседі.

Осылайша, Республика күніне орай қазақстандықтар төмендегідей демалады:

Бес күндік жұмыс аптасында: 25, 26, 27 қазан — демалыс күндері.
Алты күндік жұмыс аптасында: 25, 26 қазан — демалыс, 27 қазан — жұмыс күні.

Сонымен қатар, қазанда кәсіби және өзге де мерекелер бар. Олар жұмыс күніне түссе де, өз саласының қызметкерлері арасында аталып өтеді.

Кәсіби мерекелердің тізімі ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі міндетін атқарушының 2023 жылғы 17 қарашадағы №480 бұйрығы негізінде жарияланған.

Қазан айындағы кәсіби мерекелер:

10 қазан — Қазақстан кәсіптік одақтары күні
14 қазан — Стандарттау қызметкерлері күні
16 қазан — Нан күні
19 қазан — Құтқарушылар күні
  Орман шаруашылығы қызметкерлері күні
20 қазан — Қоғамдық тамақтану саласы қызметкерлері күні
24 қазан — Кітапханашы күні
26 қазан — Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлері күні
  Автомобиль көлігі қызметкерлері күні
29 қазан — Күзет ұйымдары қызметкерлері күні
  Қазақстан кәсіпкерлері күні

БҰҰ күнтізбесі

10 қазан — Дүниежүзілік психикалық денсаулық күні
11 қазан — Халықаралық қыздар күні; Оңтүстік Африкадағы саяси тұтқындармен ынтымақтастық күні
12 қазан — Испан тілі күні; Дүниежүзілік қоныс аударатын құстар күні
13 қазан — Апаттар қаупін азайту жөніндегі халықаралық күн
15 қазан — Ауыл әйелдері күні; Дүниежүзілік студенттер күні
16 қазан — Дүниежүзілік азық-түлік күні
17 қазан — Кедейлікті жою үшін күрес күні
20 қазан — Дүниежүзілік статистика күні
24 қазан — Даму туралы ақпарат күні; БҰҰ күні; Полиомиелитке қарсы күрес күні; Медиа және ақпараттық сауаттылықтың жаһандық апталығы
27 қазан — Аудиовизуалды мұра күні
29 қазан — Ақшаны жылыстатуға қарсы халықаралық күн
31 қазан — Халықаралық жинақ күні; Дүниежүзілік қалалар күні; Халықаралық күріш күні