
Фото: kazgazeta.kz
Ал 2027 жылдың соңына дейін тағы 2 689 ауылды жоғары жылдамдықты интернетке қосу жоспарланған. Сондай-ақ 504 шалғай елді мекенді спутниктік технологияларды пайдалана отырып желіге қосу көзделіп отыр.
Оның 176-сы KazSat арқылы байланыспен қамтамасыз етілген, ал 2025 жылдың соңына дейін тағы 328 ауыл OneWeb арқылы қосылмақ.
«2025 жылғы маусымда Starlink-пен келісімге қол қойылды, ол осы жылдың 13 тамызынан бастап Қазақстанда ресми түрде қызмет көрсете бастады. Бүгінгі таңда Starlink спутниктік интернеті 1,7 мыңнан астам ауылдық мектептерде жұмыс істейді. 2025-2027 жылдары 3 мыңнан астам ауылдық елді мекен жоғары жылдамдықты интернетке қосылады», делінген хабарламада.