
Фото: Zakon.kz
Аталған төлемді алуға жалпы 5468 адам өтініш білдірген. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше екі көзден төленетін арнаулы әлеуметтік төлемге (республикалық бюджет және Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры) 436 адам жүгінді, оның ішінде 431 адамға тағайындалды.
Төрт қаржыландыру көзінен берілетін АӘТ (республикалық бюджет, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры, жұмыс беруші және өмірді сақтандыру ұйымы) тағайындауға 5032 адам өтініш білдіріп, оның 4956-іне тағайындалған.
Сондай-ақ, 116 азамат сақтандыру компаниясымен зейнеткерлік аннуитет шартын жасау мақсатында жолданған СМС хабарламаға 75 азамат жауап бермеген. Міндетті шарттарды орындамағандықтан 6 өтініш берушіге АӘТ тағайындаудан бас тартылды.
Өңірлер бойынша арнаулы әлеуметтік төлемдерді алуға ең көп өтініш Қарағанды облысынан түсті: 2 көзден – 66 адам, 4 көзден – 720 адам. Ал Павлодар облысында 2 көзден – 27 адам, ал 4 көзден – 671 адам және Шығыс Қазақстаннан 2 көзден – 39 адам, ал 4 көзден – 398 адам тіркелген.
2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап елімізде зиянды еңбек жағдайларында ұзақ уақыт жұмыс істеген адамдарға арнаулы әлеуметтік төлем енгізілді.
Арнаулы әлеуметтік төлем тағайындау үшін өтініш беруші 55 жасқа толуы шарт. Сондай-ақ Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында (БЖЗҚ) кемінде 7 жыл кәсіптік зейнетақы аударымдарының болуы міндетті. Төлем зейнеткерлік жасқа дейін төленеді. Арнаулы әлеуметтік төлемдерді алушы адам одан әрі зиянды жұмыстармен айналыспауға тиіс. Тек жеңіл жұмысқа ауыса алады, содан кейін олар жалақы мен төлем алады немесе демалысқа шығып, зейнетке шыққанға дейін арнаулы әлеуметтік төлем беріледі.