Спорт • Бүгін, 11:30

Бүгін бокстан Қазақстан чемпиондары анықталады

30 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қазақстан бокс федерациясы Семейде өтіп жатқан ел біріншілігінің финалистер тізімін жариялады, деп жазады Egemen.kz.

Бүгін бокстан Қазақстан чемпиондары анықталады

Фото: Ашық дереккөзден

Шешуші жекпе-жекте шаршы алаңға көтерілетін былғары қолғап шеберлері: 

50 келіде  Бекзат Алдамжаров (Ақтөбе обл) - Даниал Сәбит (БҚО). 2024 жылғы Қазақстан чемпионатының финалында Даниал Сәбит басым түскен.

55 келіде Нұрсұлтан Алтынбек (Қызылорда обл.) - Сәкен Бибосынов (Түркістан обл.). 2024 жылы Қарақозы Әбдәлиевті еске алуға арналған халықаралық турнирдің финалында Сәкен шығудан бас тартқан болатын.

60 келіде  Жексен Бейбарыс (Жамбыл обл.) - Серік Теміржанов (Павлодар обл.). 2024 жылы Қарақозы Әбдәлиевті еске алуға арналған халықаралық турнирдің финалында екеуі қолғап түйістіріп, Бейбарыс басым түскен. Ал 2020 жылы Қазақстан чемпионатының 1/4 финалында Серік жеңіске жеткен.

65 келіде Ертуған Зейнуллинов (Алматы обл.) - Санатәлі Төлтаев (Маңғыстау обл.). 2021 жылы Шоқыр Бөлтекұлын еске алуға арналған турнирде Санатәлінің қолы көтерілген.

70 келіде Абылайхан Жүсіпов (Қарағанды обл) - Фарух Тоқтасынов (Алматы қаласы). 2025 жылы Болгарияда «Странджа» және 2024 жылы Қарақозы Әбдәлиевті еске алуға арналған халықаралық турнирдің финалында Абылайхан Фарухтан басым түскен. 

75 келіде Сабыржан Аққалықов (БҚО) - Тимур Нұрсейітов (Астана қаласы).  2025 жылы Болгарияда «Странджа» турнирінің финалында Тимур жекпе-жекке шығудан бас тартқан еді.

80 келіде Ерасыл Жақпеков (Абай обл) - Диас Молжігітов (Жамбыл обл.) Екі боксшы бұған дейін өзара кездеспеген.

85 келіде Дәулет Төлемісов (Ақтөбе обл) - Сұлтанбек Айбарұлы (Алматы қаласы) Қос боксышының жарыстағы жолы бұған дейін түйіспеген. 

90 келіде Сағындық Тоғамбай (Түркістан обл.) - Нурмагамед Юсупов (Қарағанды обл) Сағындық 2023 жылы 2 рет Нурмагамедтен басым түскен.

+90 келіде Нұрлан Сапарбай (Түркістан обл)- Аслан Еділбайұлы (Қызылорда обл). Қос боксшы бұған дейін өзара кездеспеген.