Пікір • Бүгін, 07:40

Озық технологияны игереміз

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мен Қостанай қаласында туып-өстім. Жоғары автомобиль көлігі кол­леджінде білім алып, А.Байтұр­сынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетін тәмамдадым. Аталған білім ордасында магистратура бөлімінде оқып жүргенімде «Kia» зауытының құрылысы басталды. Сол кезден-ақ осындай заманауи, технологиялық зауытта жұмыс істеуді армандадым.

Озық технологияны игереміз

Сурет: kstnews.kz

Оқуымды ойдағыдай аяқтап, «Kia» зауытына инженер болып жұмысқа кірдім. Өз басым осындай әлемдік беделге ие автокөлік өндірісінде жұмыс істеу екінің бірінің маңдайына бұйырмаған бақ деп білемін. Бұл жерде автоөндіріс әлеміндегі ең озық тәжірибені үйреніп, жаңа технологияларды игеріп жатырмыз.

Жалпы, кеше ғана оқу бітірген кез келген жас түлек жалақысы жақсы жұмыс тапқысы келеді. Еткен еңбегіне қарай лайықты табыс тауып, отбасын құрып, үй алғысы келеді. Әрі қарай өсіп-өнгісі келеді. Мен қазіргі жастар­ға осы керектердің бәрі табылып жатқанына қуанамын. Ең бастысы – мақсат қою керек, сол мақсатқа жету үшін талаптану керек.

Осы орайда, Президентіміздің тіке­лей қолдауымен іске қосылған бұл за­уытты жастардың, болашақтың зауыты дер едім. Сондықтан  өзіме жүктелген жұмысымды адал атқарып, ел дамуына барынша үлес қосуды парыз санаймын.

 

Әмір Қараев,

«Кia Qazaqstan» зауытының инженері