Пікір • Бүгін, 07:38

Орталық Азиядағы әріптестік қадамымыз

10 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Зауытта 1 500 адам жұмыс істемек. Жобаға шамамен 310 млн доллар инвестиция салдық. Жергілікті өнімнің үле­сін арттырып, Қостанайдың төл өндірісін дамыту мақсатын­­да Кореядан арнайы автокомпонент өндірушілерді алдырт­тық. Мұның сыртында, «Glovis» логистикалық компаниясын шақырдық. Аталған компания Қостанай облысы мен Қазақстанның экономикалық дамуына едәуір ықпал етеді.

Орталық Азиядағы әріптестік қадамымыз

Сурет: top-news.kz

«Kia» зауыты әлемнің көптеген елінде бар. Бірақ бұған дейін Орталық Азияда, тіпті бүкіл Азия көлемінде біздің бірде-бір зауыт болған емес. Бүгін Қостанайда жергілікті нарықты қамтамасыз ету үшін Қазақстан көлемінде сатылатын, сондай-ақ ТМД елдеріне және алыс шетелдерге де экспортқа шығарылатын зауыт ашып отырмыз.

Осылайша, біздің корпорация Қостанайда өз тарихы­ның жаңа бір белесін бастайды. Бізде жұмысшыларды Корея­дағы «Kia» зауыттарына тағылымдамаға жіберу арқылы жүзеге асырылатын мамандарды дамыту жүйесі қалыптасқан. Мұндағы жұмысшылар тікелей «Kia» мамандарынан тәжірибе алып, жоғары технологиялық үдерістерді меңгереді. «Kia» штаб-пәтері өз тарапынан тәжірибе алмасу және қызметкерлердің біліктілігін арттыру үшін көптеген инженерді Қостанайдағы зауытқа жіберіп отырады.

Зауыт іске қосылып, жаппай автокөлік шығаруды бастады. Енді Қостанай облысының әкімдігі Индустриялық аймақта автокомпонент өндірісін дамытатын локализациялық орталық ашуға дайындалып жатыр. Мұндай ауқымды жобадан «Kia» корпорациясы да шет қалмайды. Біз Корей елінен көптеген автокомпонент өндірушіні шақырып, осы жерде өз өндірісімізді ашамыз. Бұл жерде шыққан өнімдер «Кia Qazaqstan» зауытына жөнелтіледі. Қажетті өндірістік деңгейге жету мақсатында, сонымен қатар Қазақстанда автокомпоненттер өндірісін қолға алып, локализацияны дамыту бағытында ел заңнамасына сәйкес барлық автоөндірушімен үйлесімді әріптестік қарым-қатынас орнатуды жоспарлап отырмыз.

Біз өндірісті «Sorento» моделінен бастаймыз. Ал келесі жылдың қаңтар айынан бастап жаңа «Sportage» моделін шығарамыз. 2026 жылы тағы бір жаңа автокөлік моделін шы­ғаруды жоспарлап отырмыз.

 

Ким Де Ки,

«Кia Qazaqstan» зауытының бас директоры