Заң • 21 Қазан, 2025

146 жұмысшының жалақысын алып берді

0 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Байзақ ауданының прокурорлары «Байзақ су» мекемесіндегі еңбек заңнамасының сақталуына талдау жүргізіп, нәтижесінде жұмысшылардың мүддесін қорғады, деп хабарлайды Egemen.kz Жамбыл облыстық прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

146 жұмысшының жалақысын алып берді

Ресми дерекке жүгінсек, «Байзақ су» ШЖҚ МКК тарапынан қаржылық шығындарды негізсіз жоспарлау нәтижесінде осы жылдың маусым айында 18,2 млн теңгеге 146 жұмысшының алдында берешек пайда болғаны анықталды.

«Прокуратураның қадағалау актісі негізінде жалақы бойынша берешек толығымен өтелді, ал кінәлі тұлғалар тәртіптік жауаптылыққа тартылды. Осы жылы Жамбыл облысының прокуратурасы уәкілетті мемлекеттік органдармен бірлесіп қабылдаған шаралардың нәтижесінде 1213 жұмысшы алдында жалақы бойынша  241 млн теңге берешекті өтеу қамтамасыз етілді», делінген прокуратураның баспасөз қызметі таратқан ресми хабарламада.