Республика күні • Бүгін, 14:46

Осал санаттағы отбасылар баспаналы болды

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Таяуда Көкшетаудың сексеннен астам тұрғыны баспаналы болды. Жайлы пәтерлер реновация бағдарламасы аясында және әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыларға берілді, деп жазады Egemen.kz.

Осал санаттағы отбасылар баспаналы болды

Пәтер кілттерін облыс әкімі Марат Ахметжанов табыс етті. Әкім өз сөзінде ел Президентінің халықтың әл-ауқатын арттыру мен өмір сүру сапасын жақсартуға ерекше көңіл бөліп отырғанын атап айтты. Бүгінгі шара осындай маңызды бағыттардың бірі. Айта кетерлігі, соңғы екі жыл ішінде бес мыңға жуық мұқтаж отбасы баспанамен қамтылған. Бұл бұған дейінгі жеті жылда атқарылған жұмысқа тең. Осындай ілкімді шаралар тұрғын үй кезегін қысқартуға мүмкіндік беріп отыр.

«Күні бүгінге дейін сонау 1964 жылы салынған апатты үйде тұрып келдік. Тіпті, жөндеуге келмейтін жағдайда еді. Бүгін арманымыз орындалды», дейді баспаналы болғанның бірі Таслима Тоқбергенова.

Биыл облыс бойынша түрлі санаттағы азаматтарға, соның ішінде әлеуметтік жағынан аз қамтылған адамдарға 700-ге жуық пәтер берілген. Жыл соңына дейін барлығы 1200 пәтер тапсыру жоспарланып отыр.

Көкшетау