Фото: gov.kz
Байқау қазылар алқасының құрамында әлемге әйгілі балет өнерінің майталмандары – Нина Ананиашвили, Владимир Малахов, Син Лили, Эрик Гильере және басқалары болды. Ал байқаудың кеңесшісі ретінде Сяо Сухуа, Джао Рухенг, Фэн Инг және өзге де танымал тұлғалар шақырылды.
Академияның көркемдік жетекшісі Алтынай Асылмұратова бұл жеңіс еліміздің әлемдік балет сахнасындағы беделін арттыра түсетін маңызды жетістік екенін атап өтті.
Биылғы байқауға 10 елден келген 57 орындаушы қатысып, әлемнің жетекші балет мектептерін таныстырды.
Студенттердің Қытайға сапары Мәдениет және ақпарат министрлігінің, CNPC және PetroKazakhstan компанияларының қолдауымен, сондай-ақ Қазақстанның Қытайдағы Елшілігінің ықпалдастығымен ұйымдастырылды.