Оқиға • Бүгін, 14:40

LRT Қосшы қаласына дейін кеңейтіледі

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбектің айтуынша, LRT-ның келесі желісі Косшы бағытына қарай салынады, деп хабарлайды Egemen.kz.

LRT Қосшы қаласына дейін кеңейтіледі

Фото: Ашық дереккөз

Әкімнің сөзінше, бүгінде Қосшыдан елордаға күн сайын 15–20 мың көлік қатынайды. Бұл қала көшелеріне елеулі жүктеме түсіріп отыр.

«Қосшы қаласы ұлғайып келеді, бұл Астанаға үлкен көмек көрсететін, кептелісті азайтатын ірі серіктес қала.  Сондықтан біз келесі кезеңде дәл осы бағытта LRT салуды жоспарлап отырмыз», деді Жеңіс Қасымбек.

Оның айтуынша, бұл бағыт жобаның екінші кезеңінің бір бөлігі ғана. Екінші тармақ Сығанақ көшесі арқылы Тұран даңғылына, одан әрі қаланың ескі бөлігіне теміржол вокзалына дейін жалғасады. Ал Қосшыға баратын бөлігін шамамен бір жарым жылдың ішінде аяқтау көзделіп отыр.

Қаржыландыру мәселесіне тоқталған әкім, бұл жобаға қажет қаражаттың бір бөлігі қарыз қаражат есебінен тартылуы мүмкін екенін атап өтті. Сонымен қатар, Косшы бағытына баратын LRT желісінің бір бөлігі жер үстімен өтеді.

Қазір таңертеңгі уақытта, әсіресе сағат 08:00 шамасында, 50 мыңнан астам адам Қосшыдан қалаға бет алады. Бұл Тұран, Қабанбай батыр және Мәңгілік Ел даңғылдарында үлкен көлік кептелісін тудырады», деді әкім.