Өнер • Кеше

«Шабыт» халықаралық жастар фестивалі өтеді

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қараша айының 18-22 күндері аралығында Астанада «Шабыт» XXVIII Халықаралық шығармашыл жастар фестивалі өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Шабыт» халықаралық жастар фестивалі өтеді

Бұл – Қазақстандағы ең ірі мәдени шаралардың бірі болып саналатын, әлемнің түкпір-түкпірінен келген талантты жас әртістерді, суретшілер мен ақындарды біріктіретін беделді фестиваль.

«Шабыт» фестивалінің мақсаты – дарынды жастарды қолдау және дамыту, кәсіби шеберлікті арттыру, ұлттық және әлемдік мәдениетті насихаттау, сондай-ақ халықаралық шығармашылық ынтымақтастықты нығайту.

Қатысу шарттары:

Фестивальге 18 бен 35 жас аралығындағы шығармашыл жастар қатыса алады: өнер бағытындағы оқу орындарының студенттері мен түлектері, филармониялар, театрлар мен концерттік ұйымдардың кәсіби орындаушылары. Әр қатысушы тек бір номинация бойынша ғана өтінім бере алады.

Өтінімдер 5 қараша күні сағат 18:00-ге дейін (Астана уақытымен) қабылданады.

Номинациялар:

  1. Камералық хор. Хор дирижері
  2. Академиялық ән айту және концертмейстерлік шеберлік
  3. Камералық музыка (скрипка, альт, виолончель, контрабас, фортепиано)
  4. Фольклорлық ансамбль (2–5 қатысушы)
  5. Эстрадалық вокал (дуэт, трио)
  6. Бейнелеу өнері (кескіндеме, графика)
  7. Поэзия (үздік әдеби шығарма)
  8. Креативті бағыт

Сыйақы қоры:

Гран-при – 3 000 000 тг

I орын – 1 000 000 тг

II орын – 750 000 тг

III орын – 500 000 тг

«Шабыт» фестивалі – жаңа есімдердің бастау алаңы, шабыт пен шығармашылықтың қайнар көзі, Қазақстан мен әлем жастарының бірлігін білдіретін мәдени бренд.

Ұйымдастырушылар:

  • Мәдениет және ақпарат министрлігі
  • Астана қаласы әкімдігі
  • «Мәдени іс-шараларды өткізу дирекциясы» ШЖҚ ГККП
  • Күләш Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университеті (ҚазҰӨУ)