Ауа райы • 02 Қараша, 2025

3 қарашаға арналған ауа райы болжамы жарияланды

240 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан аумағында алдағы дүйсенбі күні ауа райы құбылмалы болады, деп хабарлайды Egemen.kz «Қазгидрометке» сілтеме жасап.

3 қарашаға арналған ауа райы болжамы жарияланды

Синоптиктердің мәліметінше, 3 қараша күні республиканың көп өңірінде жаңбыр мен қар жауады, ал елдің солтүстігінде күшті жауын-шашын (негізінен қар) күтіледі.

Тек батыс пен оңтүстік-шығыс өңірлерде ауа райы жауын-шашынсыз өтеді.

Еліміздің бірқатар өңірінде тұман түсіп, жел күшейеді.

Сондай-ақ солтүстік-батыс, солтүстік, шығыс және орталық өңірлерде көктайғақбайқалады.

Мамандар жолда абай болуға және көлік жүргізу кезінде сақтық шараларын қатаң сақтауға кеңес береді.

Жамбыл, Алматы және Қызылорда облыстарының кейбір аймақтарында өрт қаупі жоғары.

«3 қараша күні Жамбыл облысының шығысында, Алматы облысының батысында және Қызылорда облысының солтүстігі мен орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Ал Қызылорда мен Түркістан облыстарының оңтүстігі мен батысында, сондай-ақ Жамбыл мен Алматының солтүстігінде ерекше өрт қаупі күтіледі», – делінген синоптиктер хабарламасында.

«Қазгидромет» мамандары тұрғындарға ауа райы күрт өзгерісіне дайын болуды, жылы киініп, ұзақ сапарларды кейінге қалдыруды ұсынады.

Соңғы жаңалықтар

Ғасырлар ғибраты

Наурызнама • Бүгін, 10:15

Шапандар шеруі

Өнер • Бүгін, 10:10

Жүз жыл бұрынғы жыр

Тарих • Бүгін, 10:05

Желкілдеп өскен жас ұрпақ

Тәрбие • Бүгін, 10:00

Құстарға қамқорлық

Қоғам • Бүгін, 09:55

Тазалық – тәртіп пен береке бастауы

«Таза Қазақстан» • Бүгін, 09:45

Рухани өнегесі ағыл-тегіл

Наурызнама • Бүгін, 09:40

Сарандағы «сары қазақ»

Қоғам • Бүгін, 09:35