Архив • Бүгін, 08:00

Аса құрметті Мұстафа...

30 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қазақ тарихында танымал спорт шебері ретінде аты қалған Мұстафа Өзтүрік­тің руханиятқа да жүрегі жақын болғаны шындық. Спорт саңлағы­ның тіршілігінде көптеген қаламгермен, өнер адамдарымен бірге жүр­гені хақында да жиі естиміз. Соның айғағындай, бүгінгі жазбамызда біз М.Өз­тү­рікке тарту етілген кітаптардағы қолтаңбалар туралы айтпақпыз. Бұл дерек­терді Мұстафа Өзтүріктің қызы Неслихан Өзтүрік Түркия төрінен арнайы жіберді.

Аса құрметті Мұстафа...

Коллажды жасаған – Қонысбай ШЕЖІМБАЙ, «EQ»

Еділ Асылбек атты автор «Мерейлі мекен» атты кітабын сыйла­ғанда, мынадай қолтаңба беріпті:

«Жаратылған жігер менен намыстан,

Атақ-даңқ іздемеген жарыстан.

Түркістанның абыройын ту етіп,

Ата-жұрттың беделі үшін алысқан.

 

Әрбір күнің қандастармен табысқан,

Кем болмассың жеңіс берген сайыстан.

... ол жақ, бұл жақ, аман-есен жетейік,

Болған кезде Қазақ елі – Бақстан».

Автордың қолы

Семей, 22.02.1993

* * *

Келесі бір қолтаңба иесі – ақын Нүкеш Бәдіғұлов. Ол Мұстафа Өзтүрікке 1989 жылы «Жазушы» баспасынан шыққан «Аппақ дүние» атты жыр жинағын ұсынып:

«Мұстафа ініме,

Батырсың әлем бас ұрған,

Қазақтың даңқын асырған.

Бақыттың қолы сипасын,

Әрқашан сенің басыңнан»,

деген ақжарма тілегін арнапты.

 * * *

«Ахмет Ясауи сәулет ғимараты» атты кітапта мынадай жылы лебіз тағы да Мұстафа Өзтүрікке арналыпты.

«Алматы, 1990, 03,01

Аса құрметті Мұстафа!

Қазақ жеріне келіп, ата-баба аруағына бас иіп, еске түсірген күндерің біздің жанымызды тебірентті. Туған жерім Түркістан шаһары жайлы, киелі мешіт Әзірет Сұлтан туралы кітап сізге тартуым болсын.

Кинорежиссер болып қызмет қылатын құрдасың Тілеген».

Бұдан өзге «Халық әндері мен халық композиторларының әндері» атты кітапта да спорт шеберіне деген ізгі тілек жазылыпты.