Энергетика • Бүгін, 18:06

Алматыдағы ЖЭО-2-нің газға қашан көшірілетіні белгілі болды

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыдағы ЖЭО-2 (ТЭЦ-2) 2026 жылдың 31 желтоқсанына дейін газға көшіріледі. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Сергей Пономарев мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.

Алматыдағы ЖЭО-2-нің газға қашан көшірілетіні белгілі болды

Фотолар: ales.kz

Депутаттың айтуынша, бүгінде станса тәулігіне Екібастұздың күлі тұрғысынан зияны жоғары 80 вагон көмірін жағып отыр, бұл қаланың ауа сапасын нашарлатып, тұрғындардың денсаулығына кері әсер етеді.

«Келер жылдың 31 желтоқсанында ЖЭО-2 газбен жұмыс істейді. Бұл – үлкен ілгерілеу», деді Мәжіліс депутаты.

С.Пономаревтың сөзінше, Siemens тапсырысы бойынша турбиналар мен қазандықтар АҚШ-та жасалып, Атлант мұхиты мен Қытай арқылы Алматыға жеткізілген. Қазіргі уақыттта жабдықтарды орнату жұмыстары жүргізіліп жатыр.

ales.kz

Энергетика министрлігінің бұрынғы мәліметіне сәйкес, 2026 жылы Алматының ЖЭО-2 толықтай газға көшіп, қуаты 557 МВт-қа дейінгі парогазды қондырғы (ПГУ) іске қосылып, нәтижесінде зиянды нәрселердің шығарындылары жылына 37,3 мың тоннадан 2,7 мың тоннаға дейін азаяды.

Жобаның құны мемлекеттік сараптама қорытындысы бойынша 388 млрд теңгені құрап отыр.