Оның қарамағында жұмыс істеген 22 жастағы жігіт алькоголдік ішімдік ішіп алып, басшысының үйіне кешкі сағат 22.00 кезінде келіп, еңбекақысын дұрыс беруді талап еткен. Айтқанға көнбеген соң үй иесі мылтық алып шығып, аспанға атып, оны қорқытқан.
Ащы су есін алған жігіт мылтықтан қорықпай, үй иесіне бас салады. Алыс-жұлыс кезінде мылтықты тартып алған ол А.Батановты екі рет атып жібереді. Басынан және ішінен жарақат алған Батанов сол жерде қаза болады.
Ал жас жігіттің үстінен қылмыстық іс қозғалып, қамауға алынды.
Солтүстік Қазақстан облысы