Қоғам • Кеше

Атырауда жол апатынан екі жасөспірім көз жұмып, төрт адам ауруханаға түсті

40 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Атырау-Орал» тас жолынның 27-шақырымында КамАЗ бен LADA Granta көлігі соқтығысты. Жол-көлік оқиғасының салдарынан екі жасөспірім мерт болды, деп жазады Egemen.kz.

Атырауда жол апатынан екі жасөспірім көз жұмып, төрт адам ауруханаға түсті

Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, жол апаты 2 қарашада кешкі сағат 19:00 шамасында болған.

«Екі көлік соқтығысты. Жол апатынан алған жарақаттардың салдарынан екі жасөспірім қаза тапты. Тағы 3 жолаушы мен жеңіл көліктің жүргізушісі ауруханаға жеткізілді», деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Қазір аталған жол-көлік оқиғасына қатысты қылмыстық іс тіркелді. Тергеу амалдары басталды.