Футбол • Бүгін, 11:15

«Интер» шабуылшылары да қарапайым адам: Егор Сорокин матч туралы ойын айтты

10 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Алматылық «Қайрат» футбол клубы Чемпиондар лигасынының жалпы кезеңіндегі кезекті ойынын Миландық құрама «Интерге» қарсы өткізеді,  деп жазады Egemen.kz.

«Интер» шабуылшылары да қарапайым адам: Егор Сорокин матч туралы ойын айтты

Фото: ru.uefa.com

Кездесу 6 қараша күні Қазақстан уақытымен 01:00-де басталады. Қос тарап әйгілі «Сан-Сиро» алаңындағы матч алдында баспасөз жиынын өткізіп, БАҚ өкілдерінің сауалдарына жауап берді. 

«Қайраттың» бас бапкері Рафаэль Уразбахтин азулы командамен болатын ойын құрама үшін маңызды сынақ екенін атап өтті. 

аа

«Сан-Сиро» – аты аңызға айналған арена. Мен мұнда сегіз жыл бұрын ұлдарым және академияның балаларымен бірге келгенмін. Миланда көптеген отандастарымызды көріп жатырмыз. Әрине, бұл – зор қуаныш. 

Біз қарсыластарымыздың мықтылығын және «Интер» жанкүйерлерінің қолдауы қай деңгейде екенін білеміз. Мен мұндай күшті қарсыласқа қарсы ойнаймын деп ешқашан ойлаған емеспін. Команда үшін маңызды сынақ болатыны түсінікті. Десе де, біз бар күш-жігерімізді көрсетуге дайынбыз», деді Рафаэль Уразбахтин.

Бапкердің пікірін «Қайрат» қорғаушысы Егор Сорокин де қолдаған.

«Қиын матч болатыны белгілі. Біз аянып қалмай, ойын барысын бақылауда ұстауға тырысамыз. «Интер» шабуылшылары да біз секілді қарапайым адам. Оның үстіне қорғаныста жалғыз мен болмайтыным да түсінікті болса керек», деді Егор Сорокин.

Өз кезегінде «Интердің» бас бапкері Кристиан Киву Чемпиондар лигасы аясындағы кез келген ойын ұпай үшін тартыс екенін жеткізді.  

вв

«Бұл - Чемпиондар лигасы. Алдағы матчқа басқа ойындарға қалай көңіл бөлсек, сол деңгейде қараймыз. Сондықтан 3 ұпай үшін барымызды сала күресеміз», деді «Интердің» бас бапкері.

Ал «Интердің» қорғаушысы Карлос Аугусто ұпай еншілеумен қатар соғылған доп саны бойынша да алға шығуға тырысатынын атап өтті. 

аа

«Чемпиондар лигасында мүмкіндігінше жиі жеңіске жету, ұпай жинау және гол айырмасы маңызды екенін білеміз. Кез келген матч оңайға түспейді. Біз өз алаңымызда екенімізді ескерсек, басымдық бар. Қарсылас та Миланда ұйымдасқан ойын көрсетуге ұмтылады. Біз де үш ұпай алу үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймыз», деді Карлос Аугусто.

«Интер» – «Қайрат» кездесуін «Qazaqstan» ұлттық арнасы тікелей эфирде көрсетеді.