Аймақтар • Бүгін, 14:04

Полиция 18 мыңнан астам малды айыптұраққа апарып тастады

40 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мал иелерінің немқұрайлылығы көп жағдайда жол-көлік апатына себепші болып, қайғылы жағдайлар да тіркеліп отыр, деп хабарлайды Egemen.kz

Полиция 18 мыңнан астам малды айыптұраққа апарып тастады

Фото: kostanaytany.kz

Павлодар облысында жыл басынан түліктерін қараусыз жіберген 2 мыңнан астам тұрғын жазаланған.

«Мәселен, Ақсу қаласының полиция бөліміне Павлодар – Қызылорда автожолының 72-шақырымында жеті бас ірі қара малдың жол бойында жүргені туралы хабарлама түскен. Мал жол жиегінде жайылып жүріп, кейін жолдың жүріс бөлігіне шыққан. Жануарлар арнайы айыптұраққа қамалды. Мал иесі анықталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды», деп хабарлады Павлодар облысы полиция департаментінің қоғамдық қауіпсіздік басқармасы бастығының міндетін атқарушы Азамат Күркебаев.

Жыл басынан бері 18 мыңнан астам мал айыптұраққа қамалған. Павлодар облысының полицейлері ауа райының күрт өзгеруіне байланысты мал иелеріне ұрлықтың алдын алу үшін барлық сақтық шараларын қабылдауды, қараусыз малдың автожолдарда жүруіне жол бермеуді және малды қараусыз қалдырмауды ескертеді.

Павлодар облысы