Оқиға 2 қараша күні болған. Апат салдарынан 60 жастағы әйел адам ауыр жарақат алып, бірнеше жерінен сынған. Зардап шеккен адам шұғыл түрде ауруханаға жеткізілді.
Тергеу барысында апатқа Талдықорған қалалық полиция басқармасының тергеушісі себеп болғаны анықталды. Оқиға кезінде ол мас күйінде болған.
Қызметтік тексерістен кейін полицей ішкі істер органдарынан бірден жұмыстан босатылды.
Қазіргі уақытта жол-көлік оқиғасына байланысты қосымша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.