фото: Барыс ХК
«Барыс» – «Автомобилист» матчының тікелей трансляциясы Қазақстан уақыты бойынша сағат 19:30-да басталады және оны Qazsport телеарнасынан тамашалауға болады.
Биылғы ҚХЛ маусымында 24 матчтан кейін «Автомобилисттің» қоржынында 30 ұпай бар, ал «Барыс» дәл сондай ойын санынан кейін 19 ұпай жинаған.
Өзінің соңғы «тұрақты маусымдағы» ойынында «Барыс» өз алаңында уфалық «Салават Юлаевтан» 1:2 есебімен жеңіліп қалды, ал «Автомобилист» өз мұз айдынында нижегородтық «Торпедоға» 0:2 есебімен есе жіберді.
Еске сала кетсек, «Барыс» ҚХЛ-дегі қатарынан төртінші ойынында жеңіліске ұшырады. Хоккейшілер нижнекамдық «Нефтехимиктен» ұтылды. Сондай-ақ Челябинскідегі сырт алаңдағы матчта да жеңіліс тапқан болатын.