Қоғам • 09 Қараша, 2025

Астанада ауа райына байланысты әуе рейстері кешігіп жатыр

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ауа райының қолайсыздығына байланысты Астана әуежайында рейстер кешігіп жатыр, деп жазады Egemen.kz.

Астанада ауа райына байланысты әуе рейстері кешігіп жатыр

Онлайн ұшу тақтасындағы мәлімет бойынша, кешіктірілген рейстердің қатарында ішкі рейстер де бар. Мысалы, Өскемен, Қызылорда және Атыраудан келетін рейстер кешіккен.

Air Astana компаниясы да бірнеше рейстің кешіктірілгенін хабарлады. Компания Астанадан ұшатын рейстердің ауа райына байланысты кейінге қалдырылып жатқанын атап өтті.

Жолаушыларға әуежайға аттанар алдында әуе компаниясының ресми сайтындағы рейс туралы ақпаратты оқу ұсынылады.

Соңғы жаңалықтар