Әлем • Бүгін, 09:37

Ғалымдар жерге жақындап келе жатқан бөгде планеталықтардың сигналын тапты

60 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астрономдар 24 қазан күні Оңтүстік Африкадағы MeerKAT радиотелескопымен 3I/ATLAS объектісінен сигнал қабылдағанын мәлімдеді. Бұған дейін осы сызықтар бойынша сигналды анықтау әрекеттері сәтсіз болған еді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ғалымдар жерге жақындап келе жатқан бөгде планеталықтардың сигналын тапты

Фото: freepik

Гарвард университетінің ғалымы Ави Лебтің айтуынша, 2026 жылы 16 наурызда объект Юпитер планетасының жанынан өтер кезде, «Юнона» ғарыш аппараты төмен жиіліктегі сигналдарды алу үшін бақылау жүргізеді.

Айта кетейік, 3I/ATLAS алғаш рет 1 шілдеде байқалған. Ғалымдар анықтағандай, бұл комета басқа жұлдыз жүйесінен келген және жасы шамамен 7,5 миллиард жылдан асады, яғни ол Күннен 3 миллиард жылға үлкен.

Сонымен қатар, қыркүйек айында 3I/ATLAS «аномальды эволюциядан» өтіп, түсін өзгерткен.