Фото: Ашық дереккөз
Жеңіл автокөлік жүргізушісі бұрылыс жасайтын сәтте жол қозғалысын реттеп тұрған полицейді байқамай қалғанын айтқан. Жүргізуші дереу жедел жәрдем шақырып, полицейге алғашқы медициналық көмек көрсетілген.
«Желтоқсан даңғылымен оңтүстік бағытта келе жатқан Toyota жүргізушісі жолда қозғалысты қолмен реттеп тұрған полиция қызметкерін қағып кетті. Жол-көлік оқиғасының салдарынан аға лейтенант жарақат алды», деді Алматы қалалық полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.
Жүргізушіні ұстау қажет деп танылмады, бірақ оқиға бойынша әкімшілік іс қозғалды.