Заң • 09 Қараша, 2025

Жол-көлік оқиғасы 27 пайызға артқан

0 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Тоғыз айдың қорытындысына зер салсақ, өңірде жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ауқымды жұмыстар атқарылғанына қарамастан, жол көлік оқиғасының саны артқан, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жол-көлік оқиғасы 27 пайызға артқан

Облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметі келтірген дерекке жүгінсек, жол-көлік оқиғаларының саны 27,3 пайызға көбейген. Ал онда қаза болғандар саны 1,8 пайызға азайған.

Талдау жұмыстарының нәтижесіне сенсек, көлік жүргізушілерінің белгіленген жылдамдық режимінен асып кетуі, қарсы қозғалыс жолағына шығуы, көлік құралдарының техникалық ақауы секілді түтйкілдер жол-көлік оқиғаларына себепші болып отыр. Яғни, көлік құралдарының 70 пайыздан көбі 20 жылдан асқан. Қазіргі уақытта жол-көлік оқиғаларының жиілігі мен қозғалыс қарқындылығы бойынша жүргізілген мониторингке сәйкес, жолдардың белгілі бір учаскелерінде рейдтік іс-шаралар мен тексерулер жүргізу мақсатында, ПД ЖПҚБ және ӘПБ аппараттарының қосымша күштері мен құралдары жұмылдырылуда. Облыс аумағында, оның ішінде қалалық және жергілікті маңыздағы автожолдарда жол-көлік оқиғалары санын азайту және жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыру мақсатында биыл тағы үш «Автоураган» стационарлық кешенін сатып алу жоспарланған.

Жалпы жыл басынан 517715 құқықбұзушылық анықталған, оның ішінде полиция қызметкерлерімен 194 542 хаттама толтырылыпты. Оның ішінде 833 жүргізуші мас күйінде көлік құралын басқарғаны үшін ұсталды және жылдамдық режимін бұзған 284 мың 839 дерек анықталды, 4544 автокөлік айып тұрағына қойылды.

Скутерлер мен самокаттардың жүргізушілерімен жұмыс қарқынды жүргізілуде, оларға қатысты 942 әкімшілік хаттама толтырылып, 411-і айып тұрағына қойылды. Жыл басынан 1794 бірлік мопед тіркеуге қойылыпты.