Музей әкімшілігінің мәліметінше, қылмыскерлер ғимаратқа түнгі уақытта кіріп, шыны сөрелерді сындырған. Басылымның хабарлауынша, алты көне мүсін ұрланған.
Дамаск қалалық ішкі қауіпсіздік басқармасының өкілі тергеу органдары ұрыларды ұстау және ұрланған мәдени мұраларды ел қазынасына қайтару үшін барлық қажетті шараларды қолға алғанын мәлімдеді.
1936 жылы іргетасы қаланған Сирия Ұлттық музейі араб әлеміндегі ең көне және ең беделді мәдени орталықтардың бірі саналады. Азаматтық соғыс басталған соң, 2012 жылы музей өз жұмысын тоқтатуға мәжбүр болған. 2018 жылы оның бір бөлігі қайта ашылса, 2025 жылдың қаңтарында билік ауысқаннан кейін музей толық қалпына келіп, келушілерге есігін айқара ашқан еді.