Іс-шара барысында түркі халықтарының мәдени мұрасына арналған және түркі мемлекеттері басшылары бекіткен «Түркі әлемінің келешегі – 2040» және «TURKTIME» стратегиялық құжаттарына сәйкес дайындалған «Түркі әлемінің мәдени коды» аталған кеңістік мәдени мұрасының каталогі, сондай-ақ Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзиёевтің тапсырмасымен және түркі елдері басшыларының қолдауымен жүзеге асқан көптілді, көптомдық «Түркі фольклорлық мұрасы» антологиясы таныстырылды.
ЮНЕСКО-ның 43-сессиясында қабылданған шешімге сәйкес «15 желтоқсан – Дүниежүзі түркі тілдері күні» (World Turkic Language Family Day) болып жарияланғаны белгілі. Осыған байланысты өткен жиынды Түркі мәдениеті және мұрасы қорының президенті Ақтоты Райымқұлова ашып, ЮНЕСКО мен Өзбекстан Республикасына іс-шараны жоғары деңгейде ұйымдастыруға көрсеткен қолдауы мен қонақжайлығы үшін алғысын білдірді. Ол қор шығарған «Түркі әлемінің мәдени коды» каталогі мен көптілді, көптомдық «Түркі фольклорлық мұрасы» антологиясы туралы баяндап, осы жобаларды жүзеге асыруға үлес қосқан мамандарды, ғалымдарды және Консультативтік комитет мүшелерін шын жүректен құттықтап, олардың еңбегі мен адалдығы үшін ризашылығын білдірді.
«Түркі әлемінің мәдени коды» жобасының кураторы Рустам Музафаров пен «Түркі фольклорлық мұрасы» антологиясын әзірлеуге қатысқан Өзбекстанның белгілі ғалымы Жаббор Ешенқұлов та сөз сөйлеп, ұсынылған еңбектердің маңызын атап, қордың түркі әлемі мәдени мұрасын сақтау жолындағы қажырлы еңбегін жоғары бағалады.
Құрметті қонақтар қатарында Қырғыз Республикасы Президентінің кеңесшісі Арслан Койчиев, Түркия Республикасының Әділет және даму партиясы төрағасының орынбасары, профессор Күршад Зорлы, Өзбекстан Ғылым академиясының вице-президенті, профессор Бахром Абдухалимов болды. Олар бұл тарихи шешім түркі тілдерінің байлығын халықаралық деңгейде мойындатуға ықпал ететінін және қордың бұл бағытта атқарған еңбектерін ерекше атады.
Іс-шарада Әзербайжан Республикасының ЮНЕСКО жанындағы тұрақты өкілі, елші Эльман Абдуллаев, Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім вице-министрі Талғат Ешенқұлов, Түрікменстанның Франциядағы елшісі және ЮНЕСКО жанындағы тұрақты өкілі Мақсат Чариев, сондай-ақ Мажарстанның ЮНЕСКО жанындағы тұрақты өкілінің орынбасары Кинга Симон сөз сөйледі.
Алқалы жиында сонымен қатар Қазақстан Республикасының ЮНЕСКО жанындағы тұрақты өкілі Асқар Абдрахманов, Қырғыз Республикасының Франциядағы елшісі және ЮНЕСКО жанындағы тұрақты өкілі Садық Шер-Нияз, Түркия Республикасының ЮНЕСКО жанындағы тұрақты өкілі Гүлнұр Айбет, Өзбекстан Республикасының ЮНЕСКО жанындағы тұрақты өкілі Камол Мухтаров, сондай-ақ Түркия ЮНЕСКО істері жөніндегі ұлттық комиссиясының төрағасы, профессор Ожал Оғуз мінберге көтеріліп, өз пікірлерін білдірді.
Іс-шараға Бельгия, Эквадор, Франция, Латвия, Оман, Қатар, Венесуэла және Чехияның ЮНЕСКО жанындағы Тұрақты өкілдіктері, Өзбекстандағы аккредиттелген дипломатиялық корпус пен халықаралық ұйымдар мүшелері, танымал ғалымдар, мәдениет институттарының өкілдері, түркі мәдениеті мен мұрасына қызығушылық танытқан шетелдік қонақтар және БАҚ өкілдері жиынның маңызын арттыра түсті.