Ел-жұрттың қытығына тиетін, өкпе-ренішін тудыратын жәйттің бірі –«Жедел жәрдемнің» кешігуі. Басы ауырып, балтыры сыздаған жанға үнемі сағаттап кешігіп жететін «жедел жәрдем» «сауықпай-ақ» қойды. «Жедел жәрдем» басшыларынан ұдайы «көлік жетіспейді» деген сылтау алға тартылады. Шынымен солай ма, әлде басқа себебі бар ма? Қалай болғанда да, бұл мәселе Атырау облысының әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетовтің халық алдындағы есебінде биыл тағы да көтерілді.
Міне, енді арада 5 айға жуық мерзім өткенде, дәлірек айтқанда, кеше облыс әкімі Б.Ізмұхамбетов Атырау қалалық «жедел жәрдем» қызметіне 20 жаңа көлікті табыс етті. Жаңаның аты –жаңа, бұрынғыдай көз үйренген ресейлік «Уаз» емес, Оңтүстік Кореядан шығарылған шетелдік көліктер көздің жауын алардай жұтынып тұр.
–«Жедел жәрдем» қызметін жетілдіру жөнінде халықтың тарапынан ұдайы ұсыныс түсіп тұрады. Биылғы есеп беру жиынында да бұл мәселе көтерілген еді. Жергілікті бюджеттен бөлінген қаржыға 20 жаңа көлікті сатып алдық. Енді «жедел жәрдем» қызметі халықтың шақыруларына кешікпей жетуі тиіс, –деп түйіндеді ойын өңір басшысы.
Иә, Атыраудай қалаға 20 «жедел жәрдем» көлігі аз емес. Енді «жедел жәрдем» дәрігерлері «Көлік тапшы» деген сылтаумен кешігуді доғаратын шығар. Әрине, мұны уақыт көрсетеді.
Жолдасбек ШӨПЕҒҰЛ,
«Егемен Қазақстан».
АТЫРАУ.
Суретті түсірген
Рахым ҚОЙЛЫБАЕВ.
• 08 Тамыз, 2015
«Жедел жәрдемге» – жедел жәрдем Атырауда осы салаға деп 20 шетелдік көлік берілді

Grand Slam: Душанбеде Қазақстан дзюдошысы қола медаль жеңіп алды
Спорт • Бүгін, 15:52
Трамп Иранға қарсы соғыстың аяқталғанын мәлімдеді
Әлем • Бүгін, 15:29
Қазақстан қажылары үшін Мекке мен Мәдинада жеңілдетілген бағдарлама іске қосылады
Қоғам • Бүгін, 14:59
«Таза Қазақстан»: Келешек мектептерінің оқушылары экоакцияға қатысты
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 13:46
Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті
Аймақтар • Бүгін, 13:06
Ақтауда көпқабатты тұрғын үйден өрт шықты: 14 адам эвакуацияланды
Аймақтар • Бүгін, 12:30
Биыл елімізде әскери парад өтпейді
Әскер • Бүгін, 12:12
Таразда мектеп аумағында биіктіктен құлаған оқушы ауыр жарақат алды
Аймақтар • Бүгін, 11:12
Мереке күндері ХҚКО-лар қалай жұмыс істейді?
Оқиға • Бүгін, 10:50
Жасөспірімдер Алматы тауларынан түсе алмай қалған
Қоғам • Бүгін, 10:34
Әлем нарығында мұнай бағасы 2 долларға арзандады
Экономика • Бүгін, 09:43
2 мамырға арналған валюта бағамы
Қаржы • Бүгін, 09:30
Бүгін елімізде ауа райы қандай болады?
Ауа райы • Бүгін, 09:17
Алматы облысындағы танымал туристік бағыттар қоқыстан тазартылды
Аймақтар • Кеше