Спорт • Кеше

Тұлға атындағы турнир

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қарағандыда Балапан Әбеновті еске алуға арналған шағын футболдан облыстық ашық біріншілік 2018 жылдан бері өткізіліп келеді. Дәстүрлі доп додасы футболсүйер жас буынның басын қосатын алаңға айналды. Биыл турнирдің ауқымы кеңейді. Алғаш рет турнир республикалық деңгейге өтіп, 2012–2013 жылы туған жасөспірімдер сайысқа түсті.

Тұлға атындағы турнир

Аймақ-атырапқа таны­мал арыс азамат Балапан Зипатол­лаұлының есімін ел жадында сақтау мақсатында дәстүрлі түрде өткізіліп келе жатқан турнирде еліміздің түкпір-түкпірінен келген командалар өзара бақ сынасып, үздіктерді анықтады.

Жарысқа қатысқан командалар турнир ережесіне сәйкес екі се­бетке бөлінді. Әр себет өз ішін­де төрт командадан топтастырылды. Әр ұжым топтық кезеңде үш ойын өткізді. Нәтижесінде, топтық сын қорытындысында жоғары ұпай еншілеген екі команда келесі кезеңге, 1/16 финалға жолдама алды. Бұдан кейін жарыс плей-офф жүйесімен жал­ғасты. Жеңген команда келесі ке­зеңге өтіп, жеңілгендері жарыс жо­лынан шығып қала берді.

Екі күнге созылған тартыс­ты до­дада 1-орынды елорда­лық­­тар иеленді. 2-орынды «Жаңа­­­ар­қа – 2012» командасы еншілесе, ­қа­ра­ғандылық «Жас қыран» кл­у­­бы үздік үштікті түйіндеді. Мұ­ны­мен қоса, «Үздік қақпашы», «Үз­дік шабуылшы», «Үздік қор­ғау­­шы», «Үздік ойыншы», «Кө­рер­­мендер көзайымы» сынды аталым­дарда үздіктер анықталып, ұйым­дастырушылар тарапынан қар­жылай сыйлықтарға ие болды.

 

Қарағанды облысы