Президент • Кеше

Орталық Азия және Әзербайжан мемлекеттерінің басшылары Ислам өркениеті орталығына барды

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекеттер басшылары Қасым-Жомарт Тоқаев, Шавкат Мирзиёев, Ильхам Әлиев, Садыр Жапаров және Эмомали Рахмон Ташкенттегі Ислам өркениеті орталығына келді, деп жазады Egemen.kz.

Орталық Азия және Әзербайжан мемлекеттерінің басшылары Ислам өркениеті орталығына барды

Президенттерге орталық ислам өркениетінің бір бөлшегі саналатын Өзбекстанның бай мәдени-рухани мұрасын терең зерттеу және насихаттау мақсатында құрылғаны жөнінде баяндалды.

Мұндағы ең басты жәдігер – Осман Құраны. Ал оның жан-жағында Құран сүрелерінің санына сәйкес 114 ежелгі кітап қойылады. Ислам өркениеті орталығы 2017 жылы құрылды. Негізгі мақсаты – Өзбекстанның бай мәдени және рухани мұрасын әлемдік ислам өркениетінің ажырамас бөлігі ретінде сақтау, терең зерттеу және танымал ету.

Айта кетелік, Ташкент қаласындағы Хазірет Имам кешенінің жанында орналасқан орталық ғимараты 3 қабаттан тұрады. Бірінші қабатында ғылыми-зерттеу орталықтары, реставрациялау зертханалары, сирек кездесетін қолжазбалар қорлары және музей экспонаттары бар. Ал екінші қабатта көрме залдары, оның басты экспонаты – биіктігі 64 метрлік күмбездің астында орналасқан бірегей артефакт – Осман Құраны қойылған. Үшінші қабатта сирек қолжазбалар және кітаптар жинағы бар орталықтың ғылыми бөлімдері де орналасқан.

 Қазіргі уақытта Орталықта 800-ден астам жобалар мен ұсыныстар жинақталған, олар бойынша әлемнің әр түкпірінен келген жетекші шығыстанушы, өнертанушы, тарихшы, теолог, археолог, каллиграф және сарапшы жұмыс істеуде. Жергілікті сарапшылар Ислам өркениеті орталығы – жастарға, жаңа өркениетті жасаушыларға бағытталған, болашақ міндеттерін бейнелейтін өршіл жоба екенін, жаңа технологиялардың көмегімен өткенді зерттеуге мүмкіндік беретінін айтады.

ТАШКЕНТ

 

 

 

 

Соңғы жаңалықтар

СҚО-да қазақ тілді балабақша тапшы

Аймақтар • 14 Қараша, 2025

Астанада ет жәрмеңесі өтеді

Елорда • 14 Қараша, 2025