Қоғам • Бүгін, 09:33

Педагогикалық қолдау орталықтарының көмегіне қанша ата-ана жүгінді?

60 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Саналы ата-ана болу дағдыларын дамыту және мектеп пен отбасы арасындағы өзара байланысты нығайтуды көздеген ата-аналарға педагогикалық қолдау орталықтарының 3.0 бағдарламасы жалғасып жатыр. Аталған орталықтар оқу жылы басталғаннан бастап 33 мыңнан астам сабақ өткізіп, оған 1,1 миллионнан астам ата-ананы тартқан, деп жазады Egemen.kz.

Педагогикалық қолдау орталықтарының көмегіне қанша ата-ана жүгінді?

Фото: Оқу-ағарту министрлігі

Ата-аналарға арнайы дайындықтан өткен педагогтер мен психологтар дәріс береді, ең көп сұранысқа ие тақырыптар: «Тәрбиелеу – жеке үлгі арқылы» және «Балалардың қауіпсіздігі – ересектердің қамқорлығы». Бұл сабақтарда ата-аналар сенімді нығайту, баламен эмоционалды байланыс орнату және тәуекелдердің алдын алу бойынша пайдалы кеңестер алады.

Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, сауалнама нәтижелері ата-аналардың балаларымен қарым-қатынасының жақсарғанын көрсетіп отыр. Зерттеу сұрақтарына жауап берген ата-аналардың 72,6% балаларымен күнде сөйлесе бастағанын, 89,6% қиындықтарға дер кезінде жауап беріп үйренгенін, 78% баланың ортасын жақсы тани бастағанын алға тартып отыр. Әрбір екінші ата-ана тәрбиелеу тәсілін қайта қарауға дайын, ал шамамен үштен бірі балалардың оқу және мәдени дамуына белсенді қатыса бастағанын айтады.

Айта кетелік, ата-аналарға педагогикалық қолдау орталықтары 2023 жылы «Адал Азамат» бағдарламасы шеңберінде елдегі барлық мектептерде іске қосылды. 

Соңғы жаңалықтар