Фото: Видеодан алынған кадр
Әлеуметтік желілерде жұқа мұздың үстінде жүрген тұрғындардың бейнежазбасы тарады. Кейбірі мұз бетінде суретке түсіп қана қоймай, балаларын қоларбамен сырғанатқан.
Қалалық төтенше жағдайлар қызметінің мәліметінше, қазір Есіл өзені мен Ботаникалық бақтағы суқоймада мұздың қалыңдығы небәрі 2 сантиметрге жетеді. Кей бөліктерінде мүлде қатпаған. Мамандардың айтуынша, мұндай қалыңдық адам салмағын көтеруге мүлде жеткіліксіз. Қауіпсіз жүру үшін мұз кемінде 10 сантиметр болуы қажет.
«Мұздың қалыңдығына көз жеткізбей оған шықпаңыз, бұл өміріңізге қауіп төндіреді. Балаларды ешқашан бақылаусыз мұз үстіне жібермеңіз. Қатпаған мұздың үстіне шыққаны үшін Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 412 бабы бойынша шара қолданылатынын хабарлаймыз! Өзіңізге және жақындарыңызға қамқор болыңыздар!», делінген ТЖМ ескертуінде.