Оқиға • Бүгін, 15:26

Бестеректегі 4 баланың өліміне себеп болған жол апатына қатысты іс сотқа жіберілді

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Абай облысының Үржар ауданында төрт бірдей баланың қазасымен аяқталған жол-көлік оқиғасына қатысты қылмыстық іс сот қарауына жолданды. Процесс Қылмыстық кодекстің 345-бабы 4-бөлігі бойынша ашық түрде өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бестеректегі 4 баланың өліміне себеп болған жол апатына қатысты іс сотқа жіберілді

Фото: Жоғарғы Сот

Қайғылы жол апатына байланысты қылмыстық іс Абай облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына түскен. Қазіргі таңда материалдар алдын ала тыңдау кезеңінде қаралып жатыр.

Соттың баспасөз қызметі негізгі отырыстардың уақыты әлі белгіленбегенін хабарлады. 

Алдын ала тыңдау барысында істің материалдары егжей-тегжейлі зерттеліп, тараптардың тізімі нақтыланады әрі істі мәні бойынша қарауға дайындық жүргізіледі. Алдағы сот отырыстарының кестесі бекітілгеннен кейін қосымша ақпарат ұсынылады.

Естеріңізге сала кетейік, қайғылы жағдай 19 тамыз күні болған еді. Күдікті жүргізуші ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Сонымен қатар қазан айында Бестерек ауылында осы апаттан ауыр жарақат алған қыздың ауруханада көз жұмғаны  белгілі болды.

 

Соңғы жаңалықтар