Жеке кәсіпкерлердің бастамасымен қала аумағында екі үлкен мұз алаңы салынады. Бірінші мұз айдыны Байтұрсынов көшесі бойындағы Спорт сарайы жанында орналасады. Мұз алаңының көлемі – 550 шаршы метр. Ай сайын келушілер саны шамамен 20-30 мың адамға жетеді деген болжам бар. Екінші мұз айдыны Арбат аллеясында бой көтереді. Оның жалпы ауданы 1 830 шаршы метрді құрайды. Бұл мұз айдынына ай сайын келушілер саны 50-60 мың адам шамасында болады деген жоспар бар.
Жаңа жоба бірінші кезекте қала тұрғындары мен қонақтарына қолайлы әрі қауіпсіз қысқы демалыстарын ұйымдастырып беруге бағытталса, екіншіден мұз айдындары мегаполистің спорттық және мәдени өміріндегі елеулі жаңалықтың бірі болмақ.