Аймақтар • Кеше

Шығыс Қазақстанда жастар жасанды интеллект бағытындағы ерекше жобалар ұсынды

190 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінде «AI-Sana: EKTU Demo Day» атты күзгі форум өтті. Іс-шара ұлттық AI-Sana бағдарламасы аясында, Ғылым және жоғары білім министрлігі мен Шығыс Қазақстан облысының Цифрландыру және архивтер басқармасының қолдауымен ұйымдастырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Шығыс Қазақстанда жастар жасанды интеллект бағытындағы ерекше жобалар ұсынды

AI-Sana – жас зерттеушілерді, студенттерді және индустрия мамандарын біріктіріп, жасанды интеллект технологияларын қолданатын инновациялық цифрлық шешімдер әзірлеуге мүмкіндік беретін бірегей платформа. Бағдарлама жобалық мәдениетті дамытуға, перспективалы идеяларды қолдауға және жасанды интеллектіні белсенді қолданатын Қазақстанның жаңа технологиялық көшбасшыларын даярлауға бағытталған.

1

Форумда студенттік жобалар қорғалды, салмақты ой, ұтымды ұсыныстар айтылды. Студенттер түрлі саладағы үдерістерді жақсартуға және өмір сапасын арттыруға бағытталған практикалық жобалардың кең спектрін ұсынды. Атап айтсақ, «AgroLink» ауыл шаруашылығы өнімдерін тікелей жеткізуге арналған цифрлық B2B платформасы. Кесте боты – оқу үдерісін ұйымдастыруға арналған интеллектуалды көмекші. «ColorJudge» – маркетинг пен дизайнға арналған бейнеанализ жүйесі. «Dravon» – маркетплейстерден бағаларды жинақтайтын смарт-агрегатор. «Eye Tracking» – балалардағы аутизм спектрі бұзылыстарын ерте анықтауға арналған ЖИ жүйесі, «TagamCaloriScanAI» – тамақ өнімдерінің калориясын бақылауға және дұрыс тамақтану әдеттерін қалыптастыруға арналған қосымша, тағысын тағы.

Бұл жобалар ауыл шаруашылығы, медицина, білім, қауіпсіздік және әлеуметтік салада жасанды интеллектінің нақты қолданылу мүмкіндіктерін дәлелдейді. Ең маңыздысы, ЖИ технологияларының әлеуетін AI-Sana бағдарламасы бойынша оқыған университет студенттері көрсетті.

Соңғы жаңалықтар