Фото: freepik.com
«Өскемендегі ауа сапасының жағдайы бәрімізге белгілі. Қаланың географиялық жағынан таулы ойпатта орналасуы және 2 өзеннен тұманның пайда болуы да қолайсыз ауа райының қалыптасуына әсерін тигізіп отыр. Ауа сапасына экологиялық мониторинг жүргізу бағдарламасы шеңберінде экологиялық тәуекелді төмендету үшін 25 бақылау бекеті желісін құру жобасы іске асырылып жатыр. Бұл платформа кәсіпорындарда орнатылған тіркеу аспаптарын біріктіру арқылы кеңейтілмек, деді өңір басшысы Н.Сақтағанов.
Ірі кәсіпорындармен қолайсыз метеорологиялық жағдай кездерінде өзара бірлесе әрекет ету туралы меморандумдарға қол қойылған.
Қалада «Өскемен тынысы» қоршаған ортаны қорғау бюросы да жұмыс істеп тұр, құрамында тәжірибелі экологтар, қоғам және мемлекеттік органдардың өкілдері бар.