Вашиңтон Зеленскийге АҚШ әзірлеген жаңа рамалық бағдарламаны «намысты қоя тұрып» қабылдау қажеттігін аңғартқан. Жоспарда Украина тарапы белгілі бір аумағын босату мен қарулы күштерді шектеу керектігі жазылған.
«Біз қазір де, бәз-баяғыдай, АҚШ, Еуропа һәм әлемдегі күллі серіктестерімізбен бейбітшілікке жеткеретін конструктивті жұмыс істеуге дайынбыз», делінген Зеленский офисінің Telegram парақшасындағы хабарламада.
Ал еуропалық мемлекеттер бейсенбі күні АҚШ жоспарына қарсы шықты. Reuters дереккөздерінің мәліметінше, Украина одақтастары бұл шарттарды «жеңілумен пара-пар» деп бағалап отыр.
Бұған дейін бұқаралық ақпарат құралдары АҚШ-тың Украинаға арналған бейбітшілік жоспарының мазмұнын жариялаған еді. Онда Украина армиясының санын қысқарту және Киевтің Донбасс аймағынан бас тартуы көзделген.