Әзербайжаннан келген қазылар алқасының мүшесі Самира Эфенди финалист Саро Геворгянды сахнада құшақтап, оған жылы лебізін білдірді. Сонымен қатар Әзербайжан Армения өкіліне ең жоғары – 12 балл қойды.
Бұл сәт Әзербайжан мен Армения арасындағы саяси жақындасу контекстінде ерекше мәнге ие. Тамыз айында екі мемлекет әскери қақтығыстан бас тарту туралы декларацияға қол қойған болатын. Жақында Армения Премьер-министрі Никол Пашинян «Армения мен Әзербайжан арасындағы бейбітшілік Алматы декларациясына негізделеді» деп мәлімдеп, Қазақстан Президентіне ризашылығын білдірді.
Көрермендер мен әлеуметтік желі қолданушылары бұл жағдайды мәдениет пен өнердің халықтарды жақындастыратын қуатты күші ретінде бағалап жатыр.