Бұл – 12 елдің өнерпаздарын біріктірген алғашқы азиялық мегажоба.
Брифингке қатысқан спикерлер:
– Еркежан Күнтуған, «Jibek Joly / Silk Way» телеарнасының басқарушы директоры;
– Мишель Жозеф, Silk Way Star жобасының жеңімпазы (Моңғолия);
– Ван Дэлу, CMG Еуразиялық бюросының бас редакция меңгерушісі;
– Хун Бин, қазылар алқасының мүшесі (Қытай);
– Шин Мин Чоль, қазылар алқасының мүшесі (Корея);
– Дато Дания, қазылар алқасының мүшесі (Малайзия).
Ұйымдастырушылар халықаралық қазылар алқасының бағалары мен көрермендер дауыс беруінің нәтижесін ұсынды. Дауыс беруге түрлі елдерден 508 287 адам қатысты, бұл аймақтағы вокалдық тележоба үшін ең жоғары көрсеткіштердің бірі және байқауға деген халықаралық қызығушылықтың айқын дәлелі.
Финалдағы орындар аралас жүйе бойынша анықталды: 50% – көрермен дауысы, 50% – қазылар алқасының бағасы.
– Silk Way Star Азияның мәдени алуан түрлілігін тоғыстырған алаңға айналды. Жоба музыка елдер арасындағы өзара түсіністікті тереңдетіп, диалогқа мүмкіндік беретінін көрсетті. Көрермендердің белсенділігі өңірде халықаралық форматқа деген қызығушылықтың жоғары екенін дәлелдейді, – деді Еркежан Күнтуған.
Көрермен дауыс беруінің қорытындысы:
– Мишель Жозеф (Моңғолия) – 112 241 дауыс
– Мадинабону Адылова (Өзбекстан) – 85 443
– Чжан Хэ Сюань (Қытай) – 73 662
– Язмин Азиз (Малайзия) – 73 609
– Саро Геворгян (Армения) – 73 160
– Автандил Абесламидзе (Грузия) – 46 027
– ALEM (Қазақстан) – 32 145
Барлығы 43 елдің азаматтары өз фавориттеріне дауыс берді. Ең көп дауыс Қазақстан, Қытай, Моңғолия, АҚШ, Ресей, Түркия, Германия, Сингапур, Индонезия, Өзбекстан, Грузия және Малайзиядан келді.
Жобаның финалы Қазақстанда Jibek Joly телеарнасында тікелей эфирде көрсетілді. Сонымен қатар, Қырғызстанда «Музыка» және «Маданият», Әзербайжанда Space TV, Тәжікстанда ТВ Сафина, Моңғолияда UBS және AIST GLOBAL арналарынан параллель эфирлер ұйымдастырылды. Барлығы финалды әлем бойынша ТВ мен стримингтік сервистерде шамамен 120 млн көрермен тамашалады.