Мереке • Кеше

Желтоқсанның ортасында қазақстандықтарға бір күндік демалыс беріледі

60 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Желтоқсан айында елімізде Тәуелсіздік күні тойланады. Бұл күн мемлекеттік және ұлттық мерекелер күнтізбесіне енгендіктен 16 желтоқсанда ел азаматтарына демалыс беріледі, деп жазады Egemen.kz.

Желтоқсанның ортасында қазақстандықтарға бір күндік демалыс беріледі

Фото: Владислав Воднев

Бұл күн сейсенбіге тұс келіп тұр. Сондықтан 1 күндік қысқа демалыс болады. Жалпы сенбі-жексенбіні қоса есептегенде аптасына 5 күн жұмыс істейтіндер 9 күн демалады. 

Жаңа жыл қарсаңындағы 31 желтоқсан сәрсенбі болғандықтан жұмыс күні болып қала береді.

Жаңа жыл, әдеттегідей мерекелік демалыстардан басталады. 

2026 жылдың қаңтарында аптасына бес күн жұмыс істейтіндер үшін:

  • 30 және 31 желтоқсан – жұмыс күндері;
  • 1 және 2 қаңтар – Жаңа жылға арналған мерекелік күндер;
  • 3 және 4 қаңтар –  демалыс;
  • 5 және 6 қаңтар – жұмыс күндері;
  • 7 қаңтар (сәрсенбі) – Рождество – демалыс күні.

Аптасына алты күн жұмыс істейтіндер үшін:

  • 30 және 31 желтоқсан – жұмыс күндері;
  • 1 және 2 қаңтар – мерекелік күндер;
  • 3 қаңтар (сенбі) – жұмыс күні;
  • 4 қаңтар (жексенбі) – демалыс;
  • 5 және 6 қаңтар – жұмыс күндері;
  • 7 қаңтар – демалыс күні (Рождество) болып белгіленген.