Саясат • Бүгін, 10:00

Украинадағы соғысқа Ердоған араласты

50 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған Ресей басшысы Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесуді жоспарлап отырғанын мәлімдеді. Әңгіме 24 қараша, дүйсенбі күні өтеді және Украинадағы жағдайға арналмақ, деп хабарлайды Egemen.kz.

Украинадағы соғысқа Ердоған араласты

Фото ашық дереккөз

Бұл туралы ол Оңтүстік Африкадағы G20 саммитінен кейін өткен баспасөз мәслихатында айтты.

«Осы аптада мен Зеленскиймен кездестім, ал ертең Путинмен телефон арқылы сөйлесемін. Біз бейбіт өмір үшін ынта-шынтамызды жұмсап келеміз һәм оған қол жеткіземіз»,  деді Ердоған.

Ал TRT теларнасы таратқандай ақпаратқа сай, түрік басшысы G20 саммиті аясында Франция президенті Эммануэль Макронмен кездесуде Ресей мен Украина арасындағы соғыс әділ әрі тұрақты бейбіт келісіммен аяқталуы тиіс екенін атап өтті.

«Ердоған барлық дипломатиялық тетіктерді пайдалану қажеттігін айтты және Түркия келіссөздер жүргізуге қолайлы жағдай қалыптастыру бағытындағы жұмыстарын жалғастырып жатқанын растады», делінген материалда.

Ресейлік ақпарат құралдарының мәліметінше, Ресей Президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков та екі ел басшыларының дүйсенбі күні телефон арқылы сөйлесетінін растады.

Еске сала кетейік, Владимир Зеленскиймен Анкарада өткен келіссөздердің қорытындысына сәйкес Ердоған Мәскеу мен Киев арасындағы Стамбулда басталған келіссөздерді қайта жалғастыруға және олардың тақырыптық аясын кеңейтуге шақырған болатын. Ол Түркия Украинаның және Ресейдің қатысуымен болған үш раунд «бейбіт келіссөздерді» қабылдағанын, сол кездесулерде әсіресе гуманитарлық мәселелер бойынша белгілі бір прогресс болғанын атап өтті.

Өз кезегінде Зеленский Киев үшін Түркияның ұстанымы айрықша маңызды екенін айтып, Украина тәуелсіздігі мен егемендігін қолдағаны үшін алғыс білдірді.