Аймақтар • Кеше

Алматыда өрт қауіпсіздігі күшейтілді: жеке үйлерге құтқару датчиктері орнатылып жатыр

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Ақбұлақ шағынауданындағы үйлерге газ және көміртек тотығының таралуын анықтайтын датчиктер орнатыла бастады, деп жазады Egemen.kz.

Алматыда өрт қауіпсіздігі күшейтілді: жеке үйлерге құтқару датчиктері орнатылып жатыр

Фото: Алматы қаласының әкімдігі

«Қыс мезгілінде жылыту құрылғысын дұрыс пайдаланбау салдарынан өрт қаупі артады. Сол себепті тұрғындарға негізгі өрт қауіпсіздігі талаптарын түсіндіреміз. Қатты отынмен немесе табиғи газбен жұмыс істейтін жылыту жүйелерінің әрдайым жарамды болуын қадағалауды ескертеміз», деді Алматы қаласы ТЖД мемлекеттік өрт бақылау басқармасының басшысы Константин Канин. 

Сондай-ақ мамандар шағынаудандағы әлі газға қосылмаған үйлерді де аралап көрді. 

60 жеке үй тексеріліп, 10 көміртек тотығы датчигі орнатылды.

Жыл басынан бері шағынауданда тұрғын үйдегі қауіпсіздік мәселесіне қатысты мүлік иелерінің бірлестігі, пәтерлер иелерінің кооперативі және кондоминиумдармен бірлесіп165 жиналыс өткізілген.

2018 жылдан бері қала және аудан әкімдіктерінің қолдауымен алматылықтардың үйіне 1 628 көміртегі тотығы датчигі орнатылған. Қосымша тағы 642 құрылғы сатып алынып, қала аудандарындағы үйлерді датчикпен қамту ісі жалғасады.